Әлихан Байменов діни басқармаға шағатай тілінде жазылған сирек кітапты табыстады

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Кітап ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының Сирек кітаптар және қолжазбалар қорында сақталады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына түркі әдеби (шағатай) тілінде жазылған сирек кітапты табыстады. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлихан Бәйменов сыйға тартылған кітаптың ұзақ жылдар бойы отбасында мұра ретінде сақталып келгенін айтты. Сондай-ақ бабадан қалған асыл дүниенің алдағы уақытта зерттеліп-зерделеніп, ел игілігіне жарауына үлес қосуды мақсат еткенін жеткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл кітаптың қадім медреселерінде кеңінен оқытылғанын атап өтіп, дәстүрлі діни-ағартушылық мұраны жаңғыртуда және ұлт руханиятына қызмет етуде сирек кітаптардың маңызы зор екенін тілге тиек етті. 

Сонымен қатар бас мүфти ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтынан жуырда «Сирек кітаптар және қолжазбалар қоры» ашылғанын айтып, аталған қорда бабалардан қалған көне кітаптар мен қолжазбалардың жинақталып, ғылыми тұрғыда зерттеліп, арнайы қор ретінде сақталатынын жеткізді.

ҚМДБ төрағасы құнды жәдігерді Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдырға табыстап, аталған кітап алдағы уақытта сала мамандары тарапынан зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілетінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз