Тікелей эфир

Әлеуметтік жобаларға 1 млн теңге грант беріледі. Кімдер қатыса алады?

Шағын грант саны – 63.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Zhas Project жобасын іске асыру мақсатында қазақстандық ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдауды бастады. Аталған жоба Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылады.

Zhas Project әлеуметтік жағынан осал топтардағы, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастарды өз елді мекенін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға, өнімді жұмыспен қамтуға тарту, сондай-ақ, жастардың бизнес-идеяларын жергілікті жерлерде қолдауға бағытталған.

"Жоба өңірлерге қатысты 4 лотқа бөлінген. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде белгілі бір өңірде жобаны жүзеге асыратын ҮЕҰ таңдалмақ. Тәуелсіз конкурстық комиссия ҮЕҰ-ның өтінімдерін қарау кезінде Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесін ескеретін болады", – деді АБҚО басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Бисембиев.


Оқи отырыңыз: "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды


Екінші кезеңде грантқа ие болған ҮЕҰ қоғам белсенділері, салалық сарапшылар мен кәсіпкерлерден тұратын өңірлік комиссияларды құрады. Аталған өңірлердің әрқайсысында белгілі бір жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгені құрайтын 63 шағын грант бөлінбек. Әр жоба сараптамадан өтетін болады. Өңірлік комиссияның бақылауымен әр жобаның тиімділігі арнайы мониторинг барысында анықталады деп жоспарланып отыр.

Жобаның маңызды кезеңі Zhas Project қорытындыларын шығару мен шараға қатысушылардың форумын өткізу болмақ. ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 17 маусымда сағат 18:30-да аяқталады.


Оқи отырыңыз: 18-29 жастағы қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады


 
 

Серіктестер жаңалықтары