Тікелей эфир

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Тауарлар тізбесінде нан, сүт, ұн, сүзбе, сары май, жұмыртқа, құмшекер, тұз, сиыр еті, секілді азық-түлік бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1%, ал жылдық мәнде 0,9% төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2024 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай болды:

  • сүзбе – 2139 тг/кг;
  • пияз – 115 тг/кг;
  • құмшекер – 419 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Бір апта ішінде нан, сүт және тауықтың сан етінің бағасы өзгермеген. Макарон, 1-сорт ұн, сүзбе бар-жоғы 0,1 пайызға арзандаған. Ал сары май, жұмыртқа мен сәбіз 0,1 пайызға қымбаттаған. Құмшекер мен тұз, сиыр еті арзандаса, пияздың бағасы 0,3 пайызға өскен. Күріш бағасы 0,2 пайызға, қырыққабат – 0,4 пайызға, күнбағыс майы – 0,5 пайызға, қарақұмық 0,9 пайызға түскен. Ал картоп 2,2 пайызға қымбаттаған.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары