USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызмет арзандайды

Шығынды азайту мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында өтеледі.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығыны азаяды. Шығынды азайту мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында өтеледі, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев. 

Оның айтуынша, өткен жылдың соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын ұлғайтуға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде биыл І тоқсан қорытындысы бойынша 17 мың отбасыға 372 млн теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілген.

Премьер-министр мемлекет басшысының қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын атап өтті.

"Ол үшін біз заңнамалық түзетулерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдадық. Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін түзете алмай келген едік. Енді оған мүмкіндік туып отыр", – деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса үкімет басшысы коммуналдық кәсіпорындар тарифті түзету және жаңғырту процесін бастау үшін қажетті құжаттаманы баяу дайындап жатқанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз