Әлемдегі діндер мен сенімдер арасында Исламнан бас тартқандар саны ең аз – Pew зерттеу орталығы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Зерттеу әлемдегі 13 елде жүргізілген.

Islam.kz порталы Pew зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, зерттеушілер әлемдегі наным-сенімдер арасында Исламнан бас тартқандар саны ең аз екенін анықтаған. 

Басылымның жазуынша, бұл бағытта әлемнің 13 еліне талдау жүргізілген екен. Осы елдердің ішінде, атап айтқанда, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Израил, Тунис және Түркияда мұсылман отбасында келгендер ересек кезінде де мұсылман болып қалғанын мәлімдеген. Ал кей елдерде мұсылмандар ортасында өскен ересектердің көбісі өөзін мұсылман санайтынын жасырмаған.  Мәселен, Америка құрама штаттары мен Кения исламды қабылдаушылар қарасы бойынша әлемде көш бастап тұр: америкалықтардың 20% мұсылманы мен кениялық мұсылмандардың 11%-ы өзге наным-сенімдегі отбасында дүниеге келгендерін жасырмаған.

"Мұсылмандардың діннен шығу көрсеткіші ең төмен Америкада сауалнамаға қатысқандардың шамамен төрттен үші мұсылман тәрбиесінде өскенін әрі өзін мұсылман санайтынын жеткізген. Екінші жағынан, зерттеу жүргізілген елдердің көпшілігінде христиандық дінді тастағандар санының қабылдағандармен салыстырғанда ең жоғары арақатынасымен, яғни, ең үлкен шығынмен сипатталады", – деп жазды басылым. 

Серіктестер жаңалықтары