Әлемде қылмыс құрбандарының саны соғыс пен әскери қақтығыс құрбандарынан кем емес – БҰҰ

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
22 жылда қылмыстық топтардың қолынан 200 журналист көз жұмған.

Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының баяндамасына сәйкес, 2000 жылдардан бері әлемде жыл сайын 95 мыңға жуық адам ұйымдасқан қылмыстың құрбаны болып отырған. Бұл көрсеткіш түрлі әскери қақтығыстардың құрбандарының санымен шамалас. 

Қылмыс пен одан болған адам өлімі саны жөнінен Латын Америкасы мен Кариб өңірі бірінші орында тұр. Мұнда әрбір 100 мың адамның жиырмасы қылмыстық оқиғаның салдарынан қайтыс болады. Кейінгі орынды Сахара иеленген, ондағы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 12 адамға тең. 

"Әлемде қасақана жасалған адам өлімінің 22 пайызға жуығы қылмыстық ұйымдардың қызметімен байланысты. Ал Америкада бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін жетеді. Қасақана адам өлтіру оқиғалары тек бәсекелестерге немесе билік өкілдеріне қарсы жасалған шабуылдармен ғана байланысты емес. Мұндай құрбандардың қатарында азаматтық қоғам өкілдері, мәселен, журналистер, құқық қорғаушылар, кәсіпкерлер де бар. 2000-2022 жылдар аралығында 200 журналист қылмыстық топтардың қолынан көз жұмса, олардың 20 пайызы қылмыстық әлем өкілдері туралы материалдар жазған", – делінген Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының баяндамасында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары