Тікелей эфир

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде күн салқындайды

Елдің батысында ғана күн ыстық болады.

"Қазгидромет" 10-12 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Хабарламаға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. 

"Ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстанның көптеген өңірінің тұрғындары арктикалық салқын ауаны сезінеді. Бұл ретте елдің оңтүстігінде, шығысында оңтүстік циклонның әсері сақталады. Нәтижесінде екі ауа массасының соқтығысуына фронтальды бөлімдердің шиеленісуі күтіледі. Батыс өңірлерді қоспағанда, ел аумағында жаңбыр жауады. Әлсін-әлсін найзағай ойнап, бұршақ жауып, 15-25 м/с дейін екпінді жел соғады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрі көмек сұрады: Су басу қаупі бар елдімекендер саны 1072-ге жетті


"Қазгидромет" мәліметінше, елдің батыс аймақтарында ғана ыстық ауа-райы сақталады.

Серіктестер жаңалықтары