Алдағы күндері Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Солтүстік пен шығыста –40, оңтүстікте қарлы боран болады деген болжам бар.

"Қазгидромет" РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ел бойынша ауа температурасы күрт төмендейді.

15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градусқа дейін аязға түседі. Оңтүстік облыстарда түнде 5-13 градус, ал оңтүстік-шығыста 8-17 градус аяз күтіледі. Таулы аймақтарда температура 20-25 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтар аралығында негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Ал елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтар күндері қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге, ал жүргізушілерді жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын ескеруге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз