Қазақстанда бірқатар республикалық маңызы бар жолдар қайта ашылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматы, Жетісу және БҚО-да қозғалыс жанданды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2026 жылғы 14 қаңтар таңғы уақыттағы республикалық маңызы бар автожолдардың ахуалы туралы ақпарат таратты.

Мәліметке сәйкес, бірқатар өңірде ауа райының жақсаруына байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс қайта жанданды.

Алматы облысында "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 25–67 шақырым аралығы, сондай-ақ "Алматы – Шелек – Қорғас" бағытының 24–118 шақырымындағы учаскелер ашылды.

Жетісу облысында "Үшарал – Достық" автожолының 84–164 шақырым аралығында, Көктұма ауылынан Достық стансасына дейін көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысында "Атырау – Орал" және "Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы" бағыттарындағы бірнеше учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысына рұқсат берілді.

Атырау облысында "Атырау – Орал – РФ шекарасы" автожолының бірқатар бөлігінде көлік қатынасы ашылғанымен, ауа райының қайта нашарлауына байланысты Махамбет пен Индер аралығындағы 67–178 шақырым учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктеріне шектеу сақталып отыр. Бұл шектеу қыс мезгілі аяқталғанша жалғасады.

Сонымен қатар, "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы "Қалқаман" жолайрығында көпір құрылымының зақымдануына байланысты Астана бағытына шығатын және Қалқаман елді мекеніне кіреберіс жол уақытша жабылды.

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын мұқият тексеруге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз