Тікелей эфир

Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәстен ұтылып қалды

Алданғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.

Қарағанды облыстық полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген. Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Оның ұсынысы жәбірленушіні де қызықтырған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аудару қажет болған. Жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады. Ол 23 жастағы Қарағандыдағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіден алған ақшаны күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге салып жіберген", – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.


Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?


ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары