Тікелей эфир

Алатау қаласы Қазақстанның тағы бір казино орталығына айналады

Сондай-ақ, Формула 1 тасжолын салу жоспарланып отыр.

Алматы облысында құрылатын Алатау қаласының бас жоспарына сәйкес, қалада ойын-сайық қызметіне басымдық беріледі. Қалада казино, Формула 1 тасжолын, аквапарк, қонақүйлер, гольф алаңы және океанариум салынады. Сәйкесінше, қаланы дамытудың Green District бағытында ойын-сауық қызметін негізгі бағыттардың біріне айналдыру жоспарланып отыр.

"Қазақстанда құмар ойындар индустриясы орнықты. 2007 жылдан бастап құмар ойындарға елдің екі аймағында ғана рұқсат етілген, олардың бірі – Қонаев қаласы. Индустрияны қазақстандық Лас-Вегас ретінде танымал бүкіл жолаққа шашыраңқы орналасқан шағын және орта казинолар арқылы жаңадан бой көтерген индустрия деп сипаттауға болады. Қазақстан өңірдің орталығында орналасқандықтан және елге 5 сағат ұшып шамамен 2 млрд әлеуетті қонақ келе алатындықтан, ол 15-тен астам елден туристерді тарта алады. Green District әлеуетті туристерге әлемдік деңгейдегі құмар ойындар мен ойын-сауық үшін орын ұсынудың тамаша мүмкіндігіне ие", – делінген бас жоспардың жобасында.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында құрылатын Алатау қаласына қандай елді мекендер кіреді


Жобаға сәйкес, шоғырланған курорттық-ойын-сауық орталығы ғимараттарының жалпы ауданы 1 353,3 мың шаршы метрді құрайды. Ол 100 га аумақта орналасады.

"Green District Халықаралық демалыс және туризм орталығы ретінде орналасқан және қызықты ойын-сауық, отельдер, сауда орталықтары, океанариум, кез келген ауа райына сай жабдықталған аквапаркі, Қапшағай су қоймасының жағасында айлағы бар отбасылық шоғырланған курорт ретінде бағдарланған", – делінген құжатта.

Еске салайық, қазіргі таңда казино қызметіне тек Қонаев қаласы мен Ақмола облысының Бурабай ауданында рұқсат етілген.

Серіктестер жаңалықтары