Тікелей эфир

Алатау қаласы қай елді мекендердің жері есебінен құрылды

Қонаев қаласының, Іле, Талғар аудандарының жерлері жаңа қаланың аумағына беріледі.

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы" бірлескен шешімі әзірленді.

Шешім бойынша, Қонаев қаласының, Іле, Талғар аудандарының жерлері жаңа қаланың аумағына беріледі.

"Алатау қаласының шекарасы, оның шекарасына Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің жалпы көлемі 88267,0086 гектар бөліктерін қосу арқылы белгіленсін", – делінген құжатта.

Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласының 10937,0052 гектар жері, Іле ауданының 65213,0004 гектар, Талғар ауданының 12117,003 гектар жері кірмек.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды және 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Серіктестер жаңалықтары