Тікелей эфир

"Жер қытайларға берілді". Қонаев әкімдігі мән-жайды түсіндірді

Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 гектар болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады.

Жергілікті әкімдік жағдайды түсіндірді.

"Жібек жолы" ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектар. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан учаске, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 гектар жағалау аттракциондар паркіне айналмақ", – делінген хабарламада.

Қазір №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етеді. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр.

"Мұндағы екі бизнес орын аталған инвестжобаның құрамына енген. Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс істейді. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді", – делінген хабарламада.

Қаланың бекітілген бас жоспары бойынша, шаһардағы тоғыз жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары