USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

12 млн теңге: заңсыз казино ұйымдастырған шетел азаматы Вьетнамнан экстрадицияланды

Видео скрині
Видео скрині
12 млн теңге тапқан күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды.

Қазақстанның құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген шетел азаматы Вьетнамнан елімізге экстрадицияланды. Арнайы операцияны Бас прокуратура мен ІІМ-нің Интерпол Ұлттық орталық бюросы Вьетнамдағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Бас пркуратура.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті 2022-2023 жылдары сыбайласымен бірге Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Олар қылмыстық әрекеттерінің арқасында 12 миллион теңгеден астам заңсыз пайда тапқан.

"Сыбайластардың бірі бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылса, екіншісі шетелге қашып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті ақпан айында Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. 

Айып тағылған қылмыс түрі бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау