USD: 461.3 / 463.9
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.19 / 5.31
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алаяқтар өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, дәрігерден 15 млн теңге сұраған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алаяқтар 5 млн теңге алған.

Түркістан облысында екі адам өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, медициналық ұйым басшысынан 15 млн теңге талап еткен. Олар "анықталған заңбұзушылықтарды" алға тартып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қаражаттың жымқырылуына қарсы жұмыстар күшейген тұста осыған ұқсас алаяқтық фактілері жиілеген.

"Қаскөйлер өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, медицина мекемелерінің басшыларын түрлі заңбұзушылықтар анықталғанын айтып қорқытқан. Олар жауапкершілікке тартпау үшін сыйақы талап еткен. Түркістан облысында ұсталған екі адам медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан алдау жолымен 15 млн теңге алуға тырысқан. Олар жәбірленушіден алдымен 5 млн теңге алған, кейін қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен. Алаяқтық әрекетке барған екі адам 8 тамызда қылмыс үстінде ұсталды. Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және өздерін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырған күмәнді адамдардың талаптарына сенбеуге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау