USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Әкімшілік құрылым реформасы мемлекеттік басқарудың тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша жаңа тәсілдер Конституциялық заң деңгейінде бекітіледі.

Парламент екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлады Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі

Құжатта әкімшілік-аумақтық бірліктердің – облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың және өзге де елді мекен түрлерінің мәртебесі айқындалған. Сондай-ақ оларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі реттеліп, осы саладағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері белгіленеді. 

Заңда әкімшілік-аумақтық бірліктерге қатысты мәселелерді қараудың нақты құқықтық критерийлері қарастырылған. Бұл тәсіл тиісті шешімдерді белгілі бір кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сүйене отырып қабылдауды көздейді. 

Бұған қоса, цифрландыру талаптарын негізге ала отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың шекараларын «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде есепке алу және тіркеу өкілеттігі бекітіледі. Елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту бас жоспарлар немесе даму схемалары негізінде жүзеге асырылады. Бұл қала құрылысы мен аумақтық жоспарлау арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. 

Әкімшілік-аумақтық құрылым нормаларын Конституциялық заң деңгейінде бекіту мемлекеттің аумақтық ұйымының тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары қызметінің орнықты құқықтық негізін қалыптастыруға жол ашады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз