Тікелей эфир

Ақмола облысында киіктерді аулау жұмыстары басталды

Киіктерді аулаумен "Охотзоопром" айналысып жатыр.

Инспекторлар бір аптаның ішінде екі ақбөкенді ғана ұстады, себебі түз жануарын торға түсіру өте қиын, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Диқандардың ақбөкендер даладағы егістікті таптап жатқандығы туралы шағымынан кейін Ақмола облысында ақбөкендерді аулау жұмыстары басталды. Киіктерді ұстаумен "Охотзоопром" айналысып жатыр. Оларды атуға болмайтындықтан, арнайы мамандар алдымен торға қамап ұстап, артынша сояды. Етін комбинатқа тапсырады. Оның бағасы да белгіленіп қойған: киіктің бір ұшасы үшін ет өңдеу кәсіпорындары 4211 теңге төлейді. Ал мүйіздері "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының қоймасында сақталады.


Оқи отырыңыз: Экологиялық қылмыс 42,6% азайды: Қазақстанда ақбөкендердің саны 1,9 миллионға жетті.


Ақбөкендерді аулау жұмыстары Батыс Қазақстан мен Атырау облысында да жүріп жатыр. Бұл аймақтарда жүзге жуық киік ауланған.

"Ақбөкендерді арнайы тормен аулаймыз. Оның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. "Охотзоопром" қызметкерлері киіктерді жан-жағынан қуып, торға қамау керек. Қатты жылдамдықпен жүгіретін оларды ұстау оңай болмай отыр, сондықтан біздің қызметкерлер де көмекке барады", – деді Ақмола облысы орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аймақтық инспекция басшысының орынбасары Арман Тұрымбаев.

Серіктестер жаңалықтары