Биыл 21 қаңтарында Бурабай полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің басшысы 7 тонна 800 келі астық ұрлау туралы өтінішпен жүгінді. Ер адам қаңтар айының басында кәсіпорын басшысы 57 тонна астық сатып алғанын, ал оны кейіннен түсіру кезінде жетіспеушілік анықталғанын хабарлады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорын қызметкерлерінің бірі анықталды. Ол осы жылдың 13 қаңтарында ЗИЛ автокөлікпен қоймаға белгісіз ер адам келіп, бидай сатып алу мүмкіндігін сұрағанын айтты. Қызметкердің айтуынша, ол кәсіпорынға тиесілі астықты белгісіз азаматқа сатқан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға өзге елден автокөлікпен бидай әкелуге 6 айға тыйым салынбақ
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.