Тікелей эфир

Қазақстанға өзге елден автокөлікпен бидай әкелуге 6 айға тыйым салынбақ

Қазақстанда бидай бағасы биыл екі есе төмендеп кетті.

Ашық НҚА порталында ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанға өзге елден автокөлікпен бидай әкелуге 6 айға тыйым салу жөнінде бұйрығының жобасы жария талқылауға ұсынылды.

Бұл шектеудің тұқымдық бидайға қатысы жоқ.

Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылы бидай шығымы өте жақсы болып, рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. Бидай шығымы көршілес Ресейде де өте жақсы болды. Алайда, санкцияларға байланысты Ресейдің бидай өткізу нарығы шектелді.


Оқи отырыңыз: Бидай бағасы әлеуметтік нан бағасына қалай әсер етті?


Қазақстандық фермерлердің айтуынша, Қазақстанға ресейлік бидай контрабандалық жолмен жеткізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, бір жыл бұрын бидай тоннасының бағасы 160-180 мың теңге болса, биыл 90 мың теңгеден аса алмай отыр. Бұл жағдайда, қазақстандық бидай өсірушілер үшін баға өнімнің өзіндік құнынан да төмен.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 5 сәуірге дейін қоғам талқысында болады.

Серіктестер жаңалықтары