Қазақстанда доллар қымбаттады.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 502,27 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,45 теңгеге жоғары.
Қазақстан Ұлттық банкінің 27 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 501,79 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 503,14 теңгеден сатып алынып, 505,36 теңгеден сатылып жатыр.
Астанада валюта айырбастау орындары долларды орта есеппен 500 теңгеден қабылдап, 506,99 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы 503,14 теңгені, сату бағамы 505,22 теңгені құрап отыр.
USD:
503.1 / 506.1
EUR:
595.5 / 599.5
RUB:
6.53 / 6.65