Air Astana жаңа бағыт ашты: енді Алматыдан Мумбайға бес сағатта жетуге болады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Air Astana Үндістанға қатынап жүргеніне 20 жыл толуына орай Алматы-Мумбай тікелей рейсін ашты. 

2025 жылғы 20 сәуірде Air Astana Үндістандағы жұмысының 20 жылдығын Алматы мен Мумбай арасында аптасына үш рет ұшатын жаңа рейстің іске қосылуымен атап өтті. Жаңа бағыт Үндістанның коммерциялық және ойын-сауық астанасы Мумбайды Эйр Астананың Оңтүстік Азиядағы кеңейіп жатқан желісіндегі негізгі бағыт ретінде көрсетеді.

Енді екі қала арасында Airbus 320 жайлы ұшағы аптасына үш рет қатынайды және жол жүру уақыты шамамен 4 сағат 50 минутты құрайды. Мумбай – Үндістанның ең ірі экономикалық және мәдени орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік, Батыс және Шығыс Үндістан арқылы саяхаттауға ыңғайлы хабы.

Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер көптен бері екі қала арасында әуе рейсін ашу жоспарланғанын айтты.

Фото: Air Astana

"Алматы мен Мумбай арасындағы рейсті 2020 жылғы наурыз айында іске қосамыз деп жоспарлаған едік. Өкінішке орай, пандемия кедергі болды. Дегенмен жоспарымызды жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз. Алматыдан Мумбайға аптасына үш рет ұшамыз, алайда алдағы уақытта рейс санын жиілетуді қарастырып отырмыз. Бұл бағытқа сұраныс артады деп сенеміз", - деді Питер Фостер.

Бұл оқиға Air Astana компаниясының 20 жыл бұрын Үндістанға алғашқы рейс ашуымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінгі таңда әуе компаниясы Дели мен Мумбай бағытында қатынайды және бұл бағыттарғы тек қазақстандықтар ғана емес, Үндістаннан келген саяхатшылар тарапынан да қызығушылықартып келеді. 

Питер Фостердің айтуынша, Дели-Алматы рейсіндегі жолаушылардың 79%-ы – Қазақстанға демалуға, тауға шығуға, Алматыны аралауға келетін үнді туристері.

Сонымен қатар, Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостер Қазақстан мен Үндістан арасындағы визалық шарттарды жақсарту туристердің көптеп келуіне ықпал еткенін атап өтті. Қазақстан азаматтары Үндістан визасын онлайн рәсімдеп, бір күнде ала алады. Ал Үндістан азаматтары Қазақстанда 30 күн визасыз жүре алады.

Тасымалдаушы Үндістанның басқа қалаларына ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтардың Үндістанға деген қызығушылығының артуы, екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюы да аз емес.

Air Astana 20 жылдан бері Үндістанға ұшып жүр. Компания 2004 жылы Алматы-Дели-Алматы бағытын ашқан еді. Осы уақыт ішінде әуе компаниясы Қазақстан мен Үндістан арасына 1,2 миллион жолаушы тасыды. Олардың 30 пайызы – Орта Азия және Кавказ елдеріне транзитпен бара жатқан жолаушылар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары