Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша жан-жақты талдау жасалады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шыққанын хабарлап жазды.
"Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Наурызда ҰБТ тапсырған үміткерлердің 65 пайызы ғана шекті балл жинай алды
Министрдің сөзінше, бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады.
"Мұғалімдер оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді. Мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және басқалар", – деді білім министрі.
Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
344
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
326
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
311
-
0
-
4
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
305
-
1
-
7
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
278
-
0
-
2
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
247
-
0
-
3
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
249
-
0
-
3
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
244
-
0
-
3
-
-
9Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды
-
240
-
0
-
5
-
-
10Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады
-
241
-
0
-
1
-