Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымы сегіз комитет құрып, олардың басшыларын сайлады. Конституцияға сәйкес, Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды.
Депутаттардың шешімімен комитет төрағалары ретінде мына азаматтар бекітілді:
- Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
- Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
- Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
- Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
- Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова.
Қалған депутаттар аталған комитеттердің құрамына мүше болып кірді. Комитет мүшелерінің толық тізімі Құрылтайдың ресми Telegram арнасында жарияланды.
Айта кетейік, бүгін "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның ұсынысымен Құрылтай төрағасының үш орынбасары да тағайындалды.