Министр "Дарын" мектептеріндегі оқушылардың ҰБТ-да төмен балл жинайтынын сынға алды.
Дарынды балаларды мектепке қабылдау орталықтың өзіне тапсырылды. Оқушылар "Дарын" орталығында тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша мектептерге қабылданады. Енді осы жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Министр балалардың негізгі даму көрсеткіштері мен баcқа да құзіреттіліктерін анықтау бойынша жұмыс жүргізу қажет екенін айтты. Мұнымен қатар, жоғары сыныптарға оқушыларды қабылдау кезінде мәселелер туындап отырғанына тоқталды.
Оқи отырыңыз: "Алты айда педагог болу". Қайта даярлау курсынан өткендер мектепте сабақ береді
"Оқушыларды 7-сыныпқа қабылдағанда аса мәселе туындамайды. Ал 8,9,10-сыныптарға қабылдағанда әртүрлі тәуекел көп. "Дарын" орталығы мектептерге арналған оқу бағдарламасын бекітіп, оны зейін қойып қарап шығуы керек. Өйткені, бұл мектептерде қосымша мың жарым сағат бар. Алайда олардың басқа мектептерден үлкен айырмашылығы жоқ. Қосымша сағаттарды қайда жіберіп жатыр? Қаншалықты тиімді, әлеуеті жете ме?" – деді министр.
Асхат Аймағамбетов аталған "Дарын" мектептерінде оқығысы келетін оқушыларға арналған конкурстың аз өткізілетінін сынға алды. Бұдан өзге, мектептердегі ҰБТ нәтижесінің төмендігіне тоқталды.
Оқи отырыңыз: 2022 жылы ҰБТ-да өте жоғары балл жинаған 200 үміткердің нәтижесі тексеріледі
"Кейбір мектептерде конкурс үлкен, көп бала барғысы келеді. Бірақ кей дарынды балаларға арналған мектептерде конкурс тіпті жоқ. Олар неге осындай проблема туындап отырғанына қатысты ақпарат беруі керек. Кей мектеп желісіндегі 11-сыныптардың ҰБТ-дағы көрсеткіші төмен болып жатыр. Бұл мектептерде қосымша мың жарым сағатының бар екеніне қарамастан, неге оқушылар жеткілікті деңгейде білім алмай отыр?" – деп сынады Асхат Аймағамбетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-