Өтінімдер 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайтында қабылданады.
Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге.
Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған. Ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драма", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын", "Үздік комикс" номинациялары бойынша шығармалар қабылданады.
Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ.
"Айбоз" – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындылармен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады", – деді архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.
Өтінімдер 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайтында қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
274
-
0
-
5
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
275
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
262
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
276
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
260
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
255
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
258
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
235
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
239
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
246
-
0
-
8
-