Тікелей эфир

Nauryz ұлттық телесериалдар байқауы: Жеңістен кімдер үмітті?

Ұлттық бәйге жеңімпаздары 31 наурызда белгілі болады.

Nauryz отандық сериалдық контентті кәсіби бағалайтын ұлттық бәйгесі 2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр.

Nauryz-awards.kz сайтына бәйгеге қатысу үшін 250-ден астам өтінім келіп түсті. Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне, YouTube арнасында шыққан сериалдар және сериал контентін жасаушы шығармашылық топтар мен актерлер құрамы барлығы 13 номинация бойынша қатысып жатыр.

Құрамында тәжірибиелі режиссерлер, продюсерлер мен еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері бар қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері "Nauryz" ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинанттарын жариялады.

Шорт-параққа 52 номинант енді:

Үздік тарихи сериал

  • "Қаныш.Қазына". Qazaqstan ұлттық арнасы;
  • "Қызыл жебе". "Алматы" телеарнасы;
  • "Мәншүк". "Хабар" телеарнасы;
  • "Міржақып. Оян, Қазақ!". Qazaqstan ұлттық арнасы.

Үздік драмалық сериал

  • "Ақжауын". "Qazaqstan" ұлттық арнасы;
  • "Бірге бол". "31 арна";
  • "Рауза. Сакураның гүлдеуі". "Хабар" телеарнасы;
  • "Шанхай". "КТК" телеарнасы.

Үздік комедиялық сериал

  • "Бажа". Salem Social Media;
  • "Келінжан". "Хабар" телеарнасы;
  • "Күйеу бала". Qazaqstan ұлттық арнасы
  • "Патруль". "НТК" телеарнасы.

Үздік веб-сериал

  • "Аппақ келін". Salem Social Media;
  • "Ойна". GAKKU телеарнасы;
  • "Serjan Bratan". Salem Social Media;
  • "5:32". Salem Social Media.

Үздік актер

  • Аян Өтепберген. "Ақжауын" сериалы;
  • Әбунасыр Серіков. "103" сериалы;
  • Берік Айтжанов. "Ангел-хранитель" сериалы;
  • Дулыға Ақмолда. "Serjan Bratan" сериалы.

Үздік актриса

  • Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. "Бақыттың кілті" сериалы;
  • Анна Оразбаева. "Қаныш. Қазына" сериалы;
  • Дариға Бадықова. "Келінжан" сериалы;
  • Жанель Сергазина. "Няня" сериалы.

Екінші пландағы үздік актер

  • Әділжан Шомбалов. "Патруль" сериалы;
  • Ғани Құлжанов. "Ақжауын" сериалы;
  • Рүстем Жаныаманов. "Келінжан" сериалы;
  • Нартай Сауданбекұлы. "Ахмет. Ұлт ұстазы".

Екінші пландағы үздік актриса

  • Әйгерім Жаңылбаева. "Медеуде кездесейік" сериалы;
  • Зарина Кармен. "Міржақып. Оян,Қазақ!" сериалы;
  • Камалия Байтелеуова. "Ақ пен қара" сериалы;
  • Райхан Айтқожанова. "Қимылдаған қыр асар" сериалы.

Үздік режиссер

  • Ернар Нұрғалиев. "Келінжан". "Хабар" телеарнасы;
  • Ерлан Нурмухамбетов. "Қаныш.Қазына". "Qazaqstan" ұлттық арнасы;
  • Қанағат Мұстафин. "Тағдыр тасы". Kanaidar production youtube;
  • Мұрат Есжан. "Міржақып. Оян, қазақ!", "Ахмет.Ұлт ұстазы". Qazaqstan ұлттық арнасы.

Үздік сценарист

  • Амир Аменов. "Қаныш. Қазына". Qazaqstan ұлттық арнасы;
  • Бекзат Мырзахметова. Mystan. Salem Social Media;
  • Гүлнұр Мамасарипова. "Келінжан". "Хабар" телеарнасы;
  • Искакова Майя. "Няня". Salem Social Media.

Үздік қоюшы – оператор

  • Асқар Серікқазин. "Әке мен әке". "7 арна";
  • Бағдат Арғынов. "SHEKER", "Serjan bratan", "5:32".Salem Social Media;
  • Ернұр Рысбаев. "Ақ пен қара". "Хабар" телеарнасы;
  • Қазбек Әміржанов. "Жусан иісі". "Atameken Business" телеарнасы.

Үздік монтаж

  • Ақан Мұсақұлов. "Женатики"."31 арна";
  • Бауыржан Нуркеев. "Қаныш. Қазына". Qazaqstan ұлттық арнасы;
  • Рахимжан Яхьяров. "Ақ пен қара". "Хабар" телеарнасы;
  • Төребек Бейсебаев. "Ақжауын". Qazaqstan ұлттық арнасы.

Үздік саундтрек

  • "Келінжан". "Хабар" телеарнасы;
  • "Қаныш. Қазына". Qazaqstan ұлттық арнасы;
  •  "Sheker". Salem Social Media;
  • "5:32". Salem Social Media.

Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн – платформаларда қазақстандық телехикаяларды теледидар көрермендері арасында танымал ету.

"NAURYZ – 2023" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 31 наурызда анықталады және NAURYZ мүсіншесімен бірге 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы "Қазмедиа" орталығында өтеді.

Бәйгенің ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры және "Қазмедиа орталығы" БК. Іс – шараның демеушілері – ҚР Президентінің телерадиокешені, "Қазақстан" РТРК және "Хабар "Агенттігі" АҚ, "Еуразия" бірінші арнасы" және "Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры.

Серіктестер жаңалықтары