Бұған дейін президенттің іс басқарушысы лауазымын атқарды.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігіне жаңа басшы тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген жарлықта.
Айбек Дәдебаев 2022 жылғы 28 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымын атқарды.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов премьер-министр болып тағайындалды