Тікелей эфир

Ағылшын және орыс тіліндегі видеоларды нейрожелі көмегімен қазақша көруге болады

Бұл үшін сізде Yandex браузері не Яндекс мобильді қосымшасы болуы керек.

Қазақстандық интернет қолданушылары енді бейнежазбаларды бастапқыда орыс немесе ағылшын тілінде түсірілген болса да, қазақ тілінде көре алады.

Бейнежазбаларды нейрондық желілер арқылы автоматты түрде аудару қызметі мобильді құрылғылар мен компьютерлерге арналған Yandex браузерінде, сондай-ақ Android және iOS жүйесіне арналған Яндекс қосымшасында бар.

YouTube, VK, Vimeo, Twitch және Coursera сайттарында ағылшын, орыс тілінде жарияланған бейнежазбаларды қазақ тілінде көруге болады. Бұл үшін сізге Яндекс шолғышының немесе қолданбасының соңғы нұсқасын орнату керек немесе жаңарту қажет. Одан кейін сол жердегі қажетті бейнежазбаны ашып, "Бейнежазбаны аудару" батырмасын басу қажет.


Оқи отырыңыз: ChatGPT: Жасанды интеллект адам еңбегін алмастыра ала ма?


"Біз үшін бұл – техникалық күрделі материалдарды тұрғындарға қолжетімді және түсінікті етудің ерекше мүмкіндігі. Бұл жұмыстың жеке құзыреттілік екенін, яғни осыған байланысты жергілікті қазақтілді халық үшін жаңа жұмыс орындары ашылатынын екенін түсіну өте маңызды", – деді Алматы қаласы әкімінің цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Баян Қоңырбаев.

Серіктестер жаңалықтары