Тікелей эфир

"Ағылшын тілі оқытылмайды". 1-сынып оқушыларын тағы қандай жаңалықтар күтіп тұр?

"Өзін-өзі тану" пәні үлгілік оқу жоспарында барлық деңгейлерден алынады.

Қазақ тілінде білім беретін 1-сыныпта "Әліппе/Ана тілі", орыс тілінде білім беретін 1-сыныпта "Қазақ тілі" мен "Букварь/Обучение грамоте" оқытылады. Шет тілдері бойынша қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпта "Орыс тілі" мен "Ағылшын тілі", қазақ тілінде оқытпайтын 1-сыныпта "Ағылшын тілі" оқытылмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева мәлімдеді.

Сонымен қатар 1-сыныпта "Көркем еңбек" пәні екіге бөлініп, "Бейнелеу өнері" және "Еңбекке баулу" пәндері енгізіледі. 

Ал "Өзін-өзі тану" пәні үлгілік оқу жоспарында барлық деңгейлерден алынады. Сонымен қатар 5-11 сыныптарда өткен оқу жылы оқытыла басталған "Жаһандық құзыреттер" міндетті вариативтер курсына өткізіледі. 

"1-сыныпта бірінші "Ана тілін" оқыту ұсынылады. Ана тілін бірінші тіл ретінде білу екінші және шет тілдерін табысты меңгерудің негізі болып табылады. Орыс тілін екінші тіл ретінде екінші сыныптан бастап енгізу ұсынылады. Бұл тілдердің бір-біріне теріс әсерін болдырмауға көмектеседі. Ал ағылшын тілін үйрену үшінші сыныптан басталады. Бұл тәсіл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және бұл тілдердің графикасын қабылдауда қиындықтарды болдырмайды", – деді Мадина Тыныбаева.

Баяндамашы аталған өзгерістер алдағы жаңа оқу жылында тек бірінші сыныпқа қатысты екенін атап өтті.

"Үлгілік оқу жоспарындағы соңғы өзгерістер ескеріліп, әдістемелік нұсқау хатқа толықтырулар жасалып, аймақтарға жеткізіледі", – деп түйіндеді Мадина Тыныбаева.


Оқи отырыңыз: Жекеменшік мектептер ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқытуды неге құптамайды?

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары