USD: 483.7 / 486.7
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Агрессивті жарнама арқылы 1,5 мың адамды алдаған қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Ұйым жалған инвестициялық схема арқылы жұмыс істеген.

Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) агрессивті жарнама арқылы азаматтарды алдап, салым тартқан CVK қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚМА. 

Ведомство мәліметінше, қазір 14 өңірде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу деректері бойынша, ұйым жалған инвестициялық схема арқылы жұмыс істеген. Қатысушыларға "тауарлар" көрсетілген жалған жеке кабинеттер ашылып, салымшылардың қаражаты осы жүйе арқылы тартылып отырған. Бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан шамамен 1,5 мың адам зардап шеккен.

ҚМА хабарлауынша, қаржы пирамидасы кең көлемді жарнамалық науқан жүргізіп, жабық үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырған. Олар әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарияланып, азаматтардың сеніміне кіру құралы ретінде пайдаланылған.

"Агрессивті маркетинг пен жарнамалық науқанның арқасында кеңселер салтанатты түрде ашылып, халық арасында жалған сенім қалыптастырылған", – делінген ҚМА хабарламасында.

Жедел іс-шаралар барысында агенттік CVK пирамидасына тиесілі 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салды.

ҚМА азаматтарды мұндай қаржылық схемалардан сақ болуға шақырып, егер зардап шеккендер болса, құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз