Африкалық саванна, Арктика кешені. Алматының хайуанаттар бағы еуростандарттарға сай жасақталады

2030 жылға дейін бақтың 70 пайызы реконструкцияланады.

Алматының хайуанаттар бағы еуростандарттарға сай жасақталады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сейілхан Ақылбеков айтты.

Хайуанаттар бағы директорының айтуынша, бақта "Африкалық саванна" кешенін салу жоспарланып отыр.

"Африкалық саванна" жаңа экспозициясында жануарлардың бірнеше түрі ұсталатын болады. Бұл экспозиция жыл бойы жұмыс істейді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2024 жылға жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, хайуанаттар бағында жалпы аумағы 1,5 гектар болатын "Арктика" кешені салынады", – деді Сейілхан Ақылбеков.

Жоспар бойынша 2030 жылға дейін хайуанаттар бағының жалпы аумағының 70 пайызы реконструкцияланады. Қар барысы мен сілеусінге арналған қоршаулар, жаңа ветеринарлық клиника, жабайы жануарларды реинтродукциялау орталығы жобалары жасалады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз