Тікелей эфир

Әміреев қымбатшылықпен күрес туралы: Өңірлерге кедергі жасамаңыздар

Мәжіліс депутаты ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығын ашуды ұсынды.

Amanat фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ге жолдаған депутаттық сауалында халықтың азық-түлік өнімдері бағасының түсетініне сенімі қалмағанын жеткізді. Ал бағаны реттейтін нақты механизм Үкімет тарапынан әлі ұсынылмаған.

"3-сыныптағы астық бағасы ең төмен деңгейге дейін төмендеді, сондай-ақ күнбағыс пен басқа түрлердің бағасы да өте төмен. Барлығына азық-түлік шикізатын дереу сатып алуға бұйрық берудің орнына, біз уақыт жоғалтудамыз. Барлығын қолмен шешу режиміне ауыстыру керек еді. Біз бұрын айтқанымыздай, ел ішінде де, шетелде де ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығы қажет", – деді Ғалым Әміреев.


Оқи отырыңыз: Қымбатшылық қысып барады. Азық-түлік бағасын бақылау қажет пе?


Оның айтуынша, азық-түлік өнімдерін тасымалдауда да шешілмеген мәселелер шаш-етектен. Атап айтқанда, астықты да, басқа өнімдерді де тасымалдауға жеткілікті вагондар жоқ. Мәжілісменнің ұсынысы бойынша, Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша кем дегенде бір айға жеңілдік шарттарымен вагондар беру мәселесін шешу керек. 

"Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар. Ертең өңірлер кінәлі деп жаба салмаңыздар. Жоғарыда айтылғанның негізінде, бағалар бойынша істің нақты жағдайын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу жөнінде жедел шаралар қабылдауды сұраймын. Экономикада бәрі циклдік, тек уақытында шешім қабылдап, әрекет ету қажет", – деді депутат. 

Серіктестер жаңалықтары