Бұл сұраққа 31 арна эфирінде экономист Мақсат Халық жауап берді.
Экономистің пайымынша, Қазақстанның қазіргі жағдайында мемлекет тарапынан баға бақыланып және реттеліп отыруы тиіс.
"Нарықтық экономикада бағаны бақылауда ұстап тұру мүмкін емес. Бірақ, әлемде нарықтық экономикасы толық қалыптасқан мемлекеттер бар. Ол елдерде ешқандай бақылаудың да, реттеудің де қажеті жоқ. Ал нарықтық экономикасы толық қалыптаспаған, нарық заңдары әлі толық орындалмайтын Қазақстан секілді мемлекеттерде баға нақты сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде қалыптаспайды. Бізде бағаға ықпал ететін факторлар өте көп. Кейде монополиялық компанияның, ал кейде олигополиялық, яғни бірнеше компанияның келісімі арқылы баға бекиді. Міне, мұндай жағдайда мемлекет тарапынан бақылау болуы керек деп есептеймін", – деді Мақсат Халық.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ, экономист бағдарлама жүргізушісінің "Мәжіліс депутаттары азық-түлік бағасын алдын ала болжайтын бірде-бір ұйымның жоқ екенін айтты. Жалпы, мұндай ұйым қажет пе?" деген сауалына да жауап беріп, пікір білдірді.
"Бағаның өсуін тежейді деп жүз пайыз айта алмаймын. Бірақ, мұндай зерттеумен айналысатын арнайы институционалдық орталар болса, оның тек пайдалы әсері болар еді. Өйткені, олар жоспар құруда және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауда өз үлесін қосады", – деп атап өтті Мақсат Халық.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
330
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
312
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
303
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
289
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
260
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
259
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
237
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
240
-
3
-
6
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
213
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
159
-
0
-
1
-