"Адамның тәні мен жеке кеңістігі – құрметтелуге тиіс аманат". Бас мүфти сәлемдесу әдебі жайлы

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Оң қолды көкірекке қойып амандасу – жүректегі құрметтің белгісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне назар аударып, амандасу әдебіне қатысты парасатты пікір айтқаннан кейін бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сәлемдесудің Ислам мен қазақ дәстүріндегі орны жайлы ойын бөлісті. 

"Қазақ халқы ежелден сәлемдесуге ерекше мән беріп, әр адамның жасына, жынысына, туыстық дәрежесіне қарай әдеп пен иба сақтаған. Ислам діні де адамдар арасындағы қарым-қатынасты әдепке негіздейді. Адамның ар-намысы, тәні мен жеке кеңістігі – құрметтелуге тиіс аманат. Сондықтан біреуге қолайсыздық туғызатын, оның еркінен тыс жақындасу немесе орынсыз дене байланысына бару мұсылмандық әдепке үйлеспейді. Сол секілді қазақы ортада туыстық қатысы жоқ ер мен әйелдің құшақтасып, сүйісіп амандасуы да – салтымызға, әдеп-ғұрпымызға жат әрекет. Өйткені халқымыз ұят пен арды, ер мен әйел арасындағы әдеп шекарасын әрдайым жоғары қойған», – деді бас мүфти.

Оның айтуынша, халқымыздың дәстүрлі амандасу мәдениеті де осы асыл құндылықтармен үндеседі. 

"Алыстан көрген адамға оң қолын көкірек тұсына қойып: "Ассалаумағалейкум!» деп ізет білдіру – жүректегі құрметтің белгісі. Дініміздегі ұят пен иба түсінігі халқымыздағы ар мен әдеп ұғымдарымен терең сабақтасып кеткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Ұят – иманнан» деген. Демек, адамның жүрегіндегі иман оның жүріс-тұрысынан, сөйлеуінен, тіпті амандасуынан да көрініс табуы тиіс. Біз заман талабына сай өмір сүргенімізбен, ұлттық болмысымыз бен рухани құндылықтарымыздан алыстамауымыз керек. Өзге мәдениеттен енген әрбір әдетті талғамсыз қабылдай беру – жаңашылдықтың белгісі емес. Керісінше, өзгені құрметтей отырып, өз әдебімізді сақтау – мәдениеттіліктің биік өлшемі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау