Жоба арқылы жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады.
Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыратын жоба әзірледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба авторы Аягөз ауданындағы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбектің айтуынша, бұл қойшы жұмысын жеңілдетеді.
"Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін "электроқойшы" құрылғысын ұсынамыз. Құрылғыны басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады", – деді Бекнұр Айдарбек.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды
Автор жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, маркетингтік жоспарын жасаған.
"Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым — шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді. Жобаны қазіргі таңда шаруа қожалығына ұсындым. Қазір мамыр айында өтетін фестивальға дайындалып жатырмын", – дейді Бекнұр Айдарбек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
375
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
350
-
0
-
0
-
-
3💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
331
-
0
-
0
-
-
4👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
318
-
0
-
0
-
-
5🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
297
-
0
-
0
-
-
6☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
310
-
0
-
0
-
-
7👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
278
-
0
-
0
-
-
8🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
268
-
1
-
2
-
-
9🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
270
-
0
-
0
-
-
10🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
268
-
0
-
0
-