Үкімет басшысы ішкі істер министрлігіне қоғамдық тәртіпті сақтауды және тұрғындар мүлкін қарауды тапсырды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары туралы кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов оқиға орнына қосымша техника мен қызметкерлердің өрт сөндіру орындарына жедел жетуін қамтамасыз етуді талап етті. Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін пысықтауды, денсаулық сақтау министрлігіне қажет болған жағдайда азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету мәселесін бақылауда ұстауды, ішкі істер министрлігіне қоғамдық тәртіпті сақтауды және тұрғындар мүлкін қарауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Абай облысында орман өртінен үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, бірнеше үй зардап шекті
Айта кетейік, қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы 60 мың гектардан асады. Оны сөндіруге Ттенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар министрліктері және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған. Атап айтқанда, 800-ге жуық адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сай, өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралып келеді. Төтенше жағдай ауданын қалың түтін басқанымен, жоғары бетінде лапылдап жанып жатқан жоқ. Азаматтар үшін уақытша орналастыру орындары жабдықталған. Елді мекендерге төнген қауіп сейілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
256
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
251
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
255
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
253
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
247
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
247
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
245
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
239
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
224
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-