Тікелей эфир

Абай облысында орманға баруға шектеу енгізіледі

Жеке тұлғалар өрт қаупі бар маусымда орманға бара алмайды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт орманының болуына байланысты орманды облыстар адамдардың орманға баруына шектеу енгізіп жатыр. Бұл қатарға енді Абай облысы да қосылмақ. Бұл туралы өңір басшысы бұйрығының жобасынан белгілі болды.

"Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын", – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында.

Еске салайық, осы тектес шектеулер бұған дейін Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында да енгізілді.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 20 қыркүйекке дейін.


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары