Тікелей эфир

Алматы тұрғындары "Қарағайлы орман" саябағында ағаш отырғызды

Болашақта көшетті өрттен зардап шеккен орман алқаптарына да отырғызу жоспарда бар.

Алматыдағы "Қарағайлы орман" ("Сосновый бор") экологиялық саябағының аумағында Eco Fund Tabigat қорының ұйымдастыруымен терек көшеттері отырғызылды.

Ағаш отырғызу рәсімі Алматыдағы жасыл желекті арттыруға арналған #BMgoGREEN жобасының іске қосылуымен орайластырылған. Бұл жоба Қазақстанда орман өрттерінің жиілеуіне байланысты жасыл желек қорының азайып кеткен шағында қолға алынғаны да маңызды болып отыр.

"Қарағайлы орман" саябағын құрудың басты мақсаты – қаладағы жасыл желектің санын арттыру, экология мәдениетін насихаттау және елдегі экологиялық жағдайға жұртшылықтың назарын аудару. Біз бұл жобаны бастаған кезде оған сеніммен қараған жандардың саны аз еді, ал бүгінде бұл мекен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өсіп келе жатқан саябаққа айналды. Бұл бастамамыз ғана. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экосаябақтарды құруды жоспарлап отырмыз", – деді Eco Fund Tabigat жеке қорының басшысы Тимур Елеусізов.

Саябаққа ағаш отырғызу Алматының экологиялық тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Әрбір ағаш ормандардың жойылуымен күресуде, көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуде, ауаның сапасын жақсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда және болашақ ұрпақ үшін экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады.

"Қарағайлы орман" саябағында ағаш отырғызу сәті

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік орман қорында ағаш кесуге 10 жылға тыйым салынады


"Қазақстанды шарпыған орман өрттерінің жиі орын алуы жағдайында экологиялық мәселелерді шешудің өзектілігі бұрынғыдан да айқын көрінеді. Орман өрттерінің елдің экожүйесі мен халқына әсері қатты алаңдатады. #BMgoGREEN науқаны ең алдымен бүгінгі мәселені көрсетуге, сондай-ақ өнімді саналы тұтынуға бағытталған. Күшімізді біріктіріп, бәріміз бірге бір-бір ағаштан егейік. Біз бірге Қазақстанның нулы ормандарын қалпына келтіруге әсер етіп, болашақ ұрпақ үшін жеріміздің табиғи сұлулығын сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қоса аламыз", – деп атап өтті #BMgoGREEN жобасының демеушісі "Эфес Қазақстан" ШК АҚ бас директоры Эртан Курт.

#BMgoGREEN жобасы аясында алдағы уақытта Қазақстанның өрттен зардап шеккен аймақтарына да көшет отырғызу жоспарланған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары