Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзу деректері күрт артты. Алматы қаласының Полиция департаменті мәліметінше, қалада жүргізілген рейд нәтижесінде небәрі үш тәулік ішінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.
Тексеру барысында мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны анықталды. Құқық бұзушылықтарға байланысты 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.
Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу жағдайларын, соның ішінде түнгі жарыстарды да анықтап, жолын кескен. Үш күн ішінде жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелген.
Тәртіп сақшылары кейбір жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайтынын атап өтті. Алайда мұндай деректердің барлығы бақылауда, құқық бұзушылар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.
Осындай жағдайлардың бірі әл-Фараби даңғылы бойында болған. Жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырым жылдамдыққа дейін үдеткен. Нәтижесінде ол жедел түрде ұсталып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
USD:
482.5 / 485.3
EUR:
556.0 / 561.0
RUB:
5.85 / 6.01