9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте, түнде батыс пен солтүстік-батыста кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ күтіледі. Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысы мен батысында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Алматыда күн бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +13…+15°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.

Атырауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +8…+10°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +13…+15°C.

Қостанайда бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Күндіз жел екпінді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +9…+11°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +17…+19°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +16…+18°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +18…+20°C.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз