2025 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша психологиялық қолдау орталықтары 23 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Оның ішінде шамамен 14 мың бала мен 9 мыңнан астам ата-ана жеке консультациялар мен психологиялық көмек алған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.
"Егер сіз зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тап болсаңыз немесе бала қауіпсіздігіне қатер төнгенін байқасаңыз, Психологиялық қолдау орталығына жүгініңіз. Мамандар балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсетіп, құпиялылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", – делінген ресми хабарламада.
Психологиялық қолдау орталықтарының қызметі Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылады.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

