844 млн теңгенің алтынын заңсыз өндірген екі адам 4 жылға сотталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Заңсыз өндірілген алтынның көлемі – 15 келіден асады, құны – 844 млн теңгеден жоғары.

Өскеменде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Тергеу мәліметінше, айыпталушылар Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде алтын өндіру үшін "EastGoldStone" ЖШС-ын пайдаланған. Компанияның қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана лицензиясы болған.

Алтын өндіру жұмыстары экскаватор, тиегіш, самосвал және жуу жабдығының көмегімен жүргізілген. Заңсыз өндірілген алтынның көлемі 15 келіден асады, құны – 844 млн теңгеден жоғары.

Тергеу барысында құны 382 млн теңге болатын 6,7 келі алтын және 579 грамм күміс тәркіленді.

Заңсыз өндіріс салдарынан қоршаған ортаға да залал келген. Бүлінген жердің аумағы 18,2 гектарды құрады. Сонымен қатар мемлекеттік орман қорына жататын ағаштар мен бұталар жойылып, зақымдалған. Экологиялық залалды жоюға қажетті жұмыстардың құны 300 млн теңгеден асады.

Сот шешімімен жалпы құны 372 млн теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде төрт жүк көлігі, екі экскаватор, екі тиегіш, гидрожуу құрылғысы, сондай-ақ 10 млн теңге және 56 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақша бар.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау