Астанада Қытайдан автокөлік сатып алып, жеткізуге уәде берген автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол 6 адамды алдап, оларға 128 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Прокуратураның мәліметінше, автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөлік сатып алу және жеткізу бойынша брондау шартын жасасқан. Алайда сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсатта пайдаланған. Міндетін орындап жатқандай көрсету үшін ол жәбірленушілерге банк арқылы ақша аударылғаны туралы жалған құжаттар ұсынған.
Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талабын қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енді.