Саяхатшы қарт 8 мың шақырым жолды жаяу жүрген.
31 наурызда Ұлытаудан жолға жаяу шыққан 72 жастағы марафоншы қария Сәрсенбай Қотырашев бүгін Ақтауға жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Саяхатшы 6 айда 8 мың шақырым жол жүрген.
"Қазақ халқының қонақжай екеніне, пейілінің кең екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Жол бойы кезіккен тұрғындар мен өңір әкімдері ыстық ықыласпен қарсы алды. Тоқтаған елді мекенімде кез келген адам көмегін көрсетіп, бейтаныс екен демей үйіне қондырды, құрмет білдірді", – дейді жиһангез Сәрсенбай Қотырашев.
Оқи отырыңыз: Автокөлік тізгіндеген 77 жастағы әже
Ол күніне шамамен 40 шақырым жол жүріп отырса, Маңғыстау облысында күніне 17 шақырым еңсеруге мүмкіндік болған. Өйткені, өңірдің екпінді желі оның жүрісіне кедергі келтірген.
"Сәрсенбай Қотырашев – ұста. Егде жаста саяхаттауының үш мақсаты бар: бірі – Ұлытау өңірін елге таныту, екіншісі – өңірлердегі қолөнершілерді тіркеп, жинақтау. Ал үшіншісі – ұмыт болған қымыз мерекесін насихаттау. 72 жастағы Сәрсенбай ата осынша шақырымды жаяу жүріп өткен әлемдегі жалғыз адам. Сондықтан Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі де ықтимал", – деп жазады басылым.
Сапар барысында Сәрсенбай Қотырашев көлікке мінбеген. Тек оның жанында өз қолымен жасаған салмағы 60 келі арбасы болған. Жолда арбасының дөңгелегі 20 рет жарылған. Бұл сапарға ол 6 жыл дайындалып, жоспарын 6 айда орындаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1‼️ Астананың бас имамы: Ұлттық жәдігерлерді харам деу – баянсыз бәтуа
-
372
-
0
-
7
-
-
2⚡️Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
255
-
0
-
1
-
-
3🏅 Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
-
228
-
0
-
2
-
-
4✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
181
-
0
-
0
-
-
5🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
159
-
0
-
2
-
-
6🏗 Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
154
-
0
-
0
-
-
7⛔️ Астана – Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
-
149
-
0
-
0
-
-
8🚫 Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады
-
144
-
1
-
0
-
-
9📚 Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді
-
117
-
1
-
1
-
-
10💸 Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
-
98
-
0
-
3
-