Жылдың 10 айында туберкулезбен ауыратын 11 472 адамға әлеуметтік көмек берілген.
Қазақстанда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, туберкулезге шалдыққан науқастарға жергілікті әкімдіктен қаржылай әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2022 жылғы 10 айда 11 472 адам 6 126 теңге мен 45 945 теңге аралығында әлеуметтік көмек алған. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Әлеуметтік көмек алған 11 472 адамның 10 220-сына ай сайын, 256 адамға тоқсан сайын және 996 адамға жылына бір мәрте көмек көрсетілген.
Оқи отырыңыз: Балаларға екпе салдыру дұрыс па? Маңызды 10 сұраққа жауап береміз
"Бұдан басқа жекелеген өңірлерде туберкулезге қарсы іс-шаралар жоспары әзірленіп, соған сәйкес емделуге, жол жүруге, азық-түлік жиынтығын сатып алуға материалдық көмек, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын балалары бар ата-аналарға психоәлеуметтік көмек көрсетілуде", – делінген Ерұлан Жамаубаевтың жауабында.
Еске салайық, бұл санатқа жататын науқастардың әлеуметтік көмек алуы үшін табысын растау міндеттелмейді. Яғни, әлеуметтік көмек амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулезбен ауыратын науқастарға табысына қарамастан тағайындалады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-