USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

5 млн теңге берешек: Астанада алимент төлемеген ер адам екінші рет сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Борышкер бұрын да сотталған.

Астанада бұрынғы жұбайының арызынан кейін алимент төлеуден жалтарған ер адам қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның алимент бойынша берешегі 5 млн теңгеге жуық болған, деп хабарлайды Астана прокуратурасы. 

Прокуратураның мәліметінше, елорда тұрғынының бұрынғы жұбайы Сарыарқа ауданы прокуратурасына оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша жауапқа тарту туралы арызбен жүгінген.

Ведомствоның хабарлауынша, борышкер 2025 жылы да алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Соған қарамастан, ол алимент төлеу міндетін орындамаған. Нәтижесінде оның берешегі шамамен 5 миллион теңгеге жеткен. Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сот оның үстінен пробациялық бақылау белгіледі", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ведомство алимент төлеуден жалтару балалардың құқықтарын бұзатынын және мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау