USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

46 миллион теңге: Шымкентте зейнеткер алаяқтарға алданып қалды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Күдіктілер қамауға алынды.

Шымкентте зейнеткерден 46 миллион теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қашықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер Аnti-fraud іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады. 

"69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматшаға "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген. Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін "сенімді қолға" уақытша тапсырған: ішінде 46 миллион теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз