USDUSD: 505.5 / 509.5
  • EUREUR: 520.5 / 524.5
  • RUBRUB: 5.25 / 5.37
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -13°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -8°C Ақтөбе
  • -2°C Атырау
  • -11°C Балқаш
  • -8°C Жезқазған
  • -12°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -9°C Қостанай
  • -1°C Қызылорда
  • -8°C Павлодар
  • -8°C Петропавл
  • -7°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +0°C Түркістан
  • -8°C Орал
  • -4°C Өскемен
  • 0°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -13°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -8°C Ақтөбе
  • -2°C Атырау
  • -11°C Балқаш
  • -8°C Жезқазған
  • -12°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -9°C Қостанай
  • -1°C Қызылорда
  • -8°C Павлодар
  • -8°C Петропавл
  • -7°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +0°C Түркістан
  • -8°C Орал
  • -4°C Өскемен
  • 0°C Шымкент

21 млн теңге несие алған: Қостанай облысында зейнеткер алаяқтарға алданып қалды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Полиция аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Қостанайда зейнеткер 21 миллион теңгеден астам шығынға ұшырап, алаяқтық схеманың құрбаны атанды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, әйел бұрын жұмыс істеген ұйымның басшысынан арнайы қызмет қызметкерлері жүргізген тексеру туралы хабарламамен қоңырау алды.

"Кейінірек оған өзін осы қызметтің қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, банктен ақпараттың үшінші тұлғаларға таралуын тергеу операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ол тергеуді жеңілдету үшін қаржылық көмек қажет екенін айтты. Алаяқтардың қоқан-лоққылары бой алдырып, әйел 21 млн теңгеге жуық сомаға екі банктен несие рәсімдеді. Алаяқтар онымен қайта байланысып, ақшаны курьер арқылы беруді талап еткенде, ол бастапқыда бас тартты. Алайда, ол террористік ұйымды қаржыландырды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп қорқып, зейнеткер ақшаны курьерге тапсырды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және алаяқтардың айла-шарғысына берілмеуді ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары