USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

400 мың теңге: Ақтаулық блогер Instagram-дағы видеосы үшін өтемақы төлейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сот блогерге видеоны өшіріп, өтемақы төлеуді міндеттеді.

Ақтау тұрғыны Instagram желісінде жариялаған видеосы үшін сот алдында жауап берді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, блогер қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу әрекеттерінің бір сәтін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Жазбада осы іске қатысы бар қала тұрғындары көрсетілген.

Азаматтар өздерінің бейнесін жариялауға келісім бермегенін айтып, сотқа жүгінген. Олар видеоны өшіруді және моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді талап еткен.

400 мың теңге өтемақы төлейді

Ақтау қалалық №2 соты жауапкердің өзін қоғам қайраткері немесе штаттан тыс журналист ретінде таныстыруға қатысты уәждерін қабылдамаған.

Сот блогерді Instagram парақшасындағы видеоны өшіруге және екі азаматтың әрқайсысына 200 мың теңгеден, жалпы 400 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау