40 градус ыстық: 22 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Синоптиктер болжамы белгілі болды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, шаңды дауыл, жел мен найзағай болатыны туралы болжам жасады.

Ақтауда өрт қаупі аса жоғары деңгейде сақталып отыр.

Маңғыстау облысында тұман, шаңды дауыл және қатты жел күтіледі.

Ақтөбе мен Атырау облыстарында найзағай, қатты жел, аптап ыстық және өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанып отыр.

Өскемен, Семей қалаларында, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел мен жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл, жел және өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Алматы, Қонаев, Атырау, Шымкент, Тараз қалаларында және Жетісу облысында 35-40 градусқа дейінгі қатты ыстық пен өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары